Ұлы Отан соғысының ардагерлері пойызбен тегін жүретін болады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерейтойына орай 2013 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.